Мамыр айында елімізде ауа райы жылы болады - Қазгидромет

«Қазгидромет» РМК ГМО директоры Баян Сазанованың сөзіне сәйкес, 1 мамыр күні Астанада күн ала бұлтты болғанымен, жауын-шашын жаумайды. Күндіз ауаның температурасы 18-22 градусқа дейін көтеріледі. Алматы қаласында күн 20-22 гардусқа дейін жылынады деп күтілуде.
Қазақстанның батыс аймақтарында ауаның температурасы 27 градус болса, еліміздің оңтүстігінде 30 градусқа дейін ыстық болады деп болжануда. Республиканың орталығы мен оңтүстік шығысында ауаның темперетурасы 25 градус шамасында болмақ.
«Қазгидрометтің» мамыр айына берген ауа райы болжамына сәйкес, республика өңірлерінде өткінші жауын-шашын болғанмен, ай жылы болады.
Гидрологиялық болжамдар бойынша Есіл, Жайық, Торғай өзендерінде су деңгейінің аздап көтерілуі байқалуда. Гидрологиялық болжамдар басқармасының бастығы Лидия Никифорованың сөзіне сәйкес, су деңгейінің ауытқулары қысқа мерзімді болып отыр.Жалпы алғанда су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Мамыр, маусым айларында су деңгейінің аздап көтерілуі Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарындағы тау өзендерінде байқалатын болады.