Мамыр айында инфляция 0,5 пайызды құрады
АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы мамырда инфляция 0,5 пайызды құрады, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның атап өтуінше, баға азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға өткен айда 0,6 пайызға, ақылы қызмет көрсетулерге 0,3 пайызға өсті. Өткен айда бағаның өсуі нан және жарма өнімдеріне 0,9, ал жармаларға - 5,3, ұнға - 1,3, макарон өнімдеріне - 1, тоқаш және ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне - 0,4, нанға 0,3 пайыз көлемінде белгіленді. Баға өсімі ет және құс етіне 1,7, картопқа - 1, кондитерлік өнімдерге - 0,6, ірімшік және сүзбеге - 0,5, май және тоң майға, қантқа 0,4 пайызды құрады. Жаңа жиналған жемістер мен көкөністер 0,3, шикі сүт - 2, жұмыртқа 2,6 пайызға арзандады.
Баға деңгейі фармацевтика өнімдеріне, жуғыш және тазалағыш құралдарға 0,1, киім және аяқ киімге - 0,2, цементке - 1,5, сұйытылған газға - 1,8 пайызға артты. Бензин 5,1, дизель отыны 5,5 пайызға қымбаттады.
Мейрамханалар мен қонақ үйлердің қызметтері 0,3, денсаулық сақтау - 0,4, шаштараз қызметі - 0,8, мектепке дейінгі білім беру - 1,9, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың темір жол көлігі 3,8 пайызға қымбаттады.
Тұрғын үй коммуналдық қызмет көрсетулер саласында тарифтер тұрғын үйді ұстауға 0,3, қоқыс жинауға - 0,4, үлестіру желілер бойынша тасымалданатын газға 0,7 пайызға өсті.