Мамыр айында инфляция көрсеткіші 0, 6 пайызды құрады

АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша, мамыр айында инфляция көрсеткіші 0, 6 пайызды құрады. Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық Банктің төрағасы Григорий Марченко айтты,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас банкирдің айтуынша, мамыр айында азық-түлік тауарларының бағасы 0,7 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,5 пайызға және ақылы қызмет көрсету 0,4 пайызға өскен. Азық-түлік тауарлары нарығында өткен айда жоғары өсім көрсеткен жеміс-көкөніс өнімі 2,7 пайыз, ет өнімдері 1,5 пайызға қымбаттаған. Ал жұмыртқа бағасы керісінше 2,8 пайызға, сүт 1,5 пайызға күріш 1,2 пайызға, ұн 1, 1 пайызға төмендеуі байқалды.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар тобында көбінесе, жуу және тазалау құралдарының бағасы 0,9 пайызға, жеке гигиена тауарлары 0, 7 пайызға, үй заттары, киім және аяқ киім 0,5 пайызға, дәрі-дәрмектер 0, 4 пайызға өскен. Дизель отынының бағасы 2,6 пайызға , бензин 2,2% пайызға артқан.

Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсету саласында суық суға арналған тарифтер 0,9 пайыз, электр энергиясы 0,5 пайызға ұлғайды. Бұдан басқа, көлік қызметі 1,5 пайызға, денсаулық сақтау 0,9 пайызға, демалыс, ойын-сауық және мәдениет 0,5 пайызға, мейрамханалар және қонақүйлер қызметінің 0,3 пайызға қымбаттауы байқалды.

Жалпы 2010 жылғы қаңтар - мамырда инфляция 4, 2 пайыз деңгейінде қалыптасқан. 2010 жылғы 5 айдағы инфляцияның жедел қарқындауы азық-түлік тауарларының 5, 5 пайызға және ақылы қызмет көрсетудің 4, 5 пайызға қымбаттауына себепші болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 2, 1 пайызға қымбаттады.

Мамыр айының қорытындысы бойынша жылдық көрсеткіш бойынша инфляция 7 пайызды құраған. «Өздеріңіз білетіндей инфляцияның жылдық болжамы 6 - 8 пайызды құрайды. Қазір инфляция осы болжамдық көрсеткіштің аралығында», деді Г.Марченко. Оның айтуынша, жалпы алғанда азық-түлік бағасы 5, 2 пайызға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 6, 4 пайызға, ақылы қызмет көрсету 10, 1 пайызға өскен.

Соңғы жаңалықтар