Мамыр айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,4 пайызды құрады

АЛМАТЫ. Маусымның 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мамыр айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,4 пайызды құрады. Бұл жайлы Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченконың бүгін Алматыда өткізген баспасөз мәслихатында айтылды,

Мамыр айында инфляцияның жылдық көрсеткіші 8,4 пайызды құрады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Г. Марченконың пайымдауынша, мамыр айында қаржы нарығында да үлкен өзгерістер болған жоқ. Сол себепті Ұлттық банк ағымдағы экономикалық жағдайларға үміт арта отырып инфляцияның жылдық деңгейі биыл 9 пайыздан аспайды деп жоспарлап отыр.Статистика агенттігінің ресми деректері бойынша инфляцияның деңгейі мамыр айында 0,7 пайыз болды. Өткен жылдың мамырында бұл көрсеткіш 1 пайызды құраған болатын. Биыл азық-түлік тауарларының бағасы - 0,9, азық-түлікке жатпайтын тауарлар - 0,4, ақылы қызмет көрсету 0,6 пайызға өсті. Өткен жылдың сәйкес мерзімінде баға азық-түлікте - 0,6, азық-түлікке жатпайтын тауарларда 0,6, ақылы қызметте 0,9 пайызды көрсеткен еді.Мамырда азық-түлік тауарларының ішінде бағаның ең жоғары өсімі күріш (4,5 пайыз), жеміс-жидек пен көкөніс (3,7 пайыз) және қантта (2,7 пайыз) тіркелді. Ал бағаның арзандауы күнбағыс майында - 3,9, жұмыртқада 2,1 пайызды құрады. Азық-түлікке жатпайтын тауарларда медициналық дәрі-дәрмек - 1,8, гигеналық заттар 1,2 пайызға қымбаттап, дизель - 3,5, бензин 2,8 пайызға арзандады. Ақылы қызмет көрсетуде көлік қызметі - 2, оның ішінде теміржол көлігі 9,4 пайызға өсіп, тұрғын үй-коммуналдық қызметінде төлем бұрынғы қалпында қалды. Жалпы биыл алғашқы 5 айда инфляцияның баяулауына өткен жылдың дәл осы мерзімімен салыстырғанда азық-түлік тауарлары мен ақылы қызмет бағаларының өсуі төмендеп, 3,3 және 2,9 пайыздарды құрауы өз ықпалын тигізді. Былтыр бұл көрсеткіш оларда 6,2 және 3,3 пайыздардың шамасында болған болатын. Биыл тек азық-түлікке жатпайтын тауарларда ғана инфляцияның өсуі тіркелді.