Мамыр айында Қазақстанда жұмыссыздар саны 626,5 мың адамға жетті ? Статистика агенттігі
АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Өткен мамыр айында республикада жұмыссыздар саны 626,5 мың адамға жетті, оның алдындағы айда бұл көрсеткіш 611,0 мыңды құраған болатын,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Статистика агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің мәліметіне сәйкес, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарына ресми тіркелуді 626,6 мың адамның тек 102,4 мыңы ғана ұйғарған. Тіркелген жұмыссыздардың саны экономикалық белсенді халықтың 1,2 пайызын құрап отыр.Ал осы айда ел экономикасына жұмыс істеушілердің саны 7,8 миллион адамды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда олардың саны 62,7 мың адамға немесе 0,8 пайызға қысқарды. Аталған мерзімде жалдамалы жұмысшылардың саны 5,2 миллионды құрады. Бұл жұмыспен қамтылған жалпы халық санының 66,7 пайызы. Мамырда жасырын жұмыссыздықтың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 1,3 пайызын (сәуірде - 1,5, наурызда ? 1,7 пайыз) құрады. Жасырын жұмыссыздық бұл ? жұмыс күні немесе жұмыс аптасының толық емес күн тәртібіне ауыстырылуы, сондай-ақ қызметкерлердің еңбекақысы сақталмай, не болмаса жартылай төленіп әкімшілік демалыстарға жіберілуі.