Мамыр айында мұнай баррелінің орташа бағасы 42 доллар, 2016 жылы - 33,29 доллар деңгейінде тұр
2015 жылы ОПЕК мұнай «себетінің» орташа бағасы бір баррель үшін 49,49 долларды құрады, 2014 жылы - 96,29 доллар болды. 2014 жылдың қыркүйегінде ол 100 доллардан төмен түсіп, сол кезде бір баррель үшін 95,98 долларды құраған.
2013 жылы «себет» орташа алғанда бір баррель үшін 105,87 доллар тұрса, 2012 жылы - 109,45 доллар, 2011 жылы - 107,46 доллар, 2010 жылы - 77,45 долларға саудаланды. «Себет» бағасының рекорды 2008 жылдың 3 шілдесінде орнатылған - онда бір баррель 140,73 долларға сатылды.
ОПЕК мұнай «себетінің» бағасы картель елдері өндіретін келесі мұнай сұрыптарының орташа бағасы ретінде анықталады: Saharan Blend (Алжир), Girassol (Ангола), Oriente (Эквадор), Iran Heavy (Иран), Basra Light (Ирак), Kuwait Export (Кувейт), Es Sider (Ливия), Bonny Light (Нигерия), Qatar Marine (Катар), Arab Light (Сауд Арабиясы), Murban (ОАЭ) және Merey (Венесуэла).