Мамыр айында тұрғын үйдің бағасы өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ағымдағы жылдың мамыр айында тұрғын үй нарығында бағаның өсуі байқалды. Бұл туралы ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Мамыр айында тұрғын үйдің бағасы өсті

«2014 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді жалға беру бағалары 0,4 пайызға, абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату 0,2 пайызға өсті. Сонымен қатар, өткен айда жаңа тұрғын үйлерді сату және абаттандырылған тұрғын үйлерді алып сату бағалары өзгермеді», - делінген баспасөз баянында.

Есепті кезеңде жаңа тұрғын үйлерді сатудың шаршы метріне баға республика бойынша 215 694 теңгені құрады.