15:48, 27 Сәуір 2013 | GMT +5
Мамыр айында жолаушылар санының артуына байланысты қосымша пойыздар жүретін болады
АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Мамыр айында, оның ішінде мереке күндерін қоса алғанда елімізде жолаушылар ағынының артуына байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша жүрдек пойыздар шығарылатынын хабарлайды.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда: 1) № 503/504 қатынасы бойынша «Алматы-2 - Астана» бағытына бір рейс: «Алматы-2» вокзалынан жөнелтілім 28 сәуір күні 17 сағат 43 минутта, ал Астанадан 29 сәуір 21 сағат 43 минутта қатынайды;
2) №35/36 қатынасына «Алматы-2 - Шымкент» бағыты бойынша 30 сәуір мен 26 мамыр аралығында аптасына үш рет, «Алматы-2» вокзалынан жөнелтілім әр сейсенбі, бейсенбі және сенбі сайын 22 сағат 10 минутта, ал Шымкенттен сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері 22 сағат 10 минута жүретін болады.
Жүрдек пойыздардың әрбір құрамы «Тальгоның» 23 вагонынан тұрады, оның ішінде: 19 вагон «Турист» класына жатады, 1 вагон-ресторан, 1 вагон-кафетерий және 2 техникалық вагондар.