12:48, 02 Мамыр 2019 | GMT +6
Мамыр мерекелерінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға туристер жиі келеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ТурСтат аналитикалық агенттігі 2019 жылдың мамыр мерекелерінде ресейлік туристер жиі саяхаттайтын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері қалаларының рейтингін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ресейде мамырдағы мерекелік демалыстар 1-5 мамыр және 9-12 мамыр аралығында өтеді.
Мамыр мерекелерінде ТМД елдеріне турлар рейтингісінде Әзербайжанға, Беларусьқа және Қазақстанға туристік сапар көп жасалады.
Туристердің мамырда баратын ТМД қалаларының бірінші ондығына Әзербайжандағы Баку, Беларусьтегі Минск, Қазақстандағы Нұр-Сұлтан, Армениядағы Ереван, Қазақстандағы Алматы, Өзбекстандағы Ташкент, Қырғызстандағы Бішкек, Молдовадағы Кишинев, Тәжікстандағы Душанбе және Түркіменстандағы Ашхабад кірген.
ТурСтат дерегі бойынша, туристер ТМД қалаларына мамырда 3-5 күнге келіп, күніне тамақтану мен тұратын орын үшін $60-$120 қаржы жұмсайды.
Рейтинг мамырдағы турсапарлардың танымалдығына жасалған талдаманың нәтижесі бойынша құрастырылды.