Мамырдағы мереке күндері Астанадағы кейбір жолдар жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі аясында елордалық полицейлер күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде осы мерекені атап өтуге байланысты өткен брифингте мәлім болды.
None
None

Астанада жалпы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана ішкі істер департаментінің 2,5 мыңнан астам жол-патрульдік полициясының қызметкерлері жұмылдырылады.

Бұдан бөлек, 1 мамыр күні сағат 7-ден бастап, мерекелік шара аяқталғанша мына көшелерде жолдар жабылады:

Тәуелсіздік даңғылы бойынша Р. Қошқарбаев пен Ш. Қалдаяқов көшелері учаскесі аралығында;

А. Байтұрсынов даңғылы бойынша Б. Момышұлы мен Аманжолов көшесі аралығы;

Аманжолов көшесі бойынша Р. Қошқарбаевтан Нәжімеденов көшесіне дейін;

Ш. Қалдаяқов көшесі бойынша Сығанақ-Орынбор көшелерінен Тәуелсіздік даңғылына дейін.

Сонымен қатар әскери шеруге дайындыққа орай 2-7 мамыр аралығында да Тәуелсіздік, Сарайшық, Байтұрсынов, Қошқарбаев, Аманжолов, Сығанақ, Қалдаяқов көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум