Мамырдың 1-нен бастап Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұтынушылар «есеп айырысудың» жаңа әдісіне көшетін болды
АЛМАТЫ.Сәуірдің 29-ы. ҚазАқпарат / Таңжарық Ілиясұлы/ - Алдағы мамырдың 1-нен бастап «Алматыэнергиябосату» ЖШС Алматы қаласы мен Алматы облысындағы электр энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланатын тұтынушылармен «есеп айырысудың» жаңа әдісіне көшетін болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Алматыэнергиябосату» ЖШС-інің бас директоры Михаил Гамбургердің айтуынша, жаңа әдіске көшкенмен энергия тұтынушыларының қазіргі тарифі сақталады. Енді есептеу құралындағы көрсеткіштерді тексеріп, ай сайын тұтынған электр қуатын есептерді түбіртекке жазып жатудың қажеті жоқ. Ал тұтынушы есептеу құралынан алынған көрсеткіштердің дұрыстығын тексере алады. Электр энергиясын есептеу құралындағы көрсеткіштерді дер кезінде алу үшін тұтынушылар компания бақылаушыларының пәтерге (үйге) кіруіне рұқсат беруі керек. Бақылаушылар өз кезегінде қызмет куәліктерін көрсетуі қажет және кеудесінде арнайы белгісі бар форма киіп жүруі тиіс.