Мамырдың 13-інен «Халықтық ІРО» аясында «KEGOC» акциялары сатылымға шығарылады
АСТАНА. 3 сәуір. ҚазАқпарат - «Халықтық ІРО» аясында «KEGOC» акциялары сатылымға шығарылады. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында өткен кездесу барысында «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев мәлім етті.
«ІРО аясындағы «KEGOC» акцияларының сатылымға шығуы 11 маусымға дейін жалғасады. Біз Халықтық ІРО-дан кейінгі екінші деңгейдегі саудаларды ашуды 5 шілдеге қарай жоспарлаймыз. Жалпы алғанда, компанияның ІРО-ға толық әзірлігін үлкен сеніммен айтуға әбден болады», - дейді Бақытжан Қажиев.