Мамырдың 14-15-і күндері Алматы қаласында «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» атты Трансазиялық парламенттік форум өтеді

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 14-і күні, Алматы қаласында ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған делегация «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» атты Трансазиялық парламенттік форумның жұмысына қатысады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламентаралық ынтымақтастықтың аясын кеңейту мақсатын көздейтін бұл форум Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етуі шеңберінде мамырдың 14-і мен 16-сы аралығында өткелі тұр.

Трансазиялық парламенттік форумның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үндеуін ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев оқып беретіні қарастырылған. ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың құттықтау сөзі жоспарланған. ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясының Төрағасы Жоа Соарештың және ЕҚЫҰ-ның Бас хатшысы Марк Перрен де Бришамбо сөз сөйлейтіні көзделуде.

Форум бағдарламасында үш сессияның жұмыс істейтіні жоспарланған. Бірінші - «Аймақтық қауіпсіздік. Ауғанстан, терроризм және есірткі заттарымен күрес, қарусыздану». Екінші - «Еуразия: Дамушы нарықтар және өріс алған шақырулар. Экономикалық даму, сауда, ресурстарды басқару, еңбек көші-қоны, экологиялық мәселелер». Және үшінші - «Адамзаттық өлшем. Діни төзімділік, саяси даму, адам саудасымен күрес, гендерлік теңдік».

Форум жұмысына ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер, Жерорта теңізі аймағы мен Азиядағы серіктес мемлекеттер парламентшілер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ал мамырдың 15-і, сенбі күні, Қырғызстандағы жағдайға байланысты арнайы сессия өтпекші (сағат 15-00). Баяндамашылардың қатарында Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Қырғызстан мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановбар.

Соңғы жаңалықтар