Мамырдың 18-і күні еліміздің қалаларында ауа сапасы қалыпты болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК-сы сенбі, 18 мамыр күнгі метеорологиялық жағдай жөніндегі мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Мамырдың 18-і күні еліміздің қалаларында ауа сапасы қалыпты болады

Синоптиктердің мәліметінше, 18 мамыр күні жайсыз метеорологиялық жағдай күтіліп отырған жоқ. Яғни еліміздің ешбір қаласында ауа ластанбайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.