Мамырдың бірінші күні жел күшейіп, қатқақ түседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазгидромет синоптиктері 1 мамыр, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жаңбыр жауады.
Оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын найзағаймен қатар жауады.
Ал Қазақстанның басым бөлігінде Солтүстік антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Ел бойынша жел күшейеді, солтүстікте - тұман, оңтүстікте – шаңды дауыл соғады.
Түнде Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының солтүстігінде 1-7 градус үсік, Қарағанды, Ұлытау облыстарында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.