Мамырдың қалған күндері Қазақстанда жаңбырлы әрі жылы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мамырдың қалған күндері Қазақстанда жаңбырлы әрі жылы болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
None
None

«Мамырдың қалған күндері республиканың басым аумағында ауа райы жылы болып, жаңбыр жауады. Батыста ғана қатты жауын жауып, кейін бұл облыстардың аумағына Азиядан өте жылы ауа келеді. Сөйтіп ауа температурасы плюс 30...38ºС-қа дейін жетеді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар