Манбидж қаласы қоршауға алынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сирияның демократиялық күштері» Манбидж іргесінде бақылау орнатып, қаланы қоршауға алды, деп хабарлады 24.kz.
None
None

2014 жылы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бақылауына өткен шаһарды азат ету операциясы 31 мамырдан бері жүріп жатыр. Содан бері 450-ден астам экстремистің көзі жойылып, «Сирияның демократиялық күштерінің» 89 жауынгері мерт болды.

Қазір сарбаздарға АҚШ-тың 200-ге жуық әскери қызметкері көмектесіп жатыр. Егер Манбидж содырлардан толық азат етілсе, «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» Сириядағы бейресми астанасы Ракканы жабдықтау жолдары бөгелетін болады.

Соңғы жаңалықтар