«Манчестер Сити» Фернандо Торрес үшін 60 миллион фунт ұсынбақ

АСТАНА. Сәуірдің 22-сі. ҚазАқпарат - Англия футболы премьер-лигасының «Манчестер Сити» клубы әріптестері «Ливерпульге» Испания құрамасының шабуылшысы Фернандо Торрес үшін 60 миллион фунт стерлинг (69 миллион евро) ұсынбақшы. Бұл ұсыныс 2010 жылдың жазында жүзеге аспақ. Торрес жақында команданың нашар көрсеткіштері салдарынан «Ливерпульден» кетуі мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

«Манчестер Сити» Фернандо Торрес үшін 60 миллион фунт ұсынбақ

Ағылшынның The Daily Star басылымының мәліметтері бойынша, «Манчестер Ситидің» иесі шейх Мансұр жаз кезіндегі маусым аралығында жаңа ойыншылар сатып алуға 150 миллион фунт қаражат бөліп, клубтың негізгі трансферлік (ауыстыру) мақсаты нақ осы Фернандо Торресты көздеген еді.

Торрестің «Манчестер Ситиге» ауысу мүмкіндігі, Goal.com спорттық сайты атап өткендей, команданың осы елдің футбол біріншілігінде төртінші орында қалуына көп нәрсе байланысты болмақ. Дәл қазір «Сити», «Тоттенхэмнен» екі ұпай кейін қалып, бесінші орында келеді. Қос команда да шешуші кезге дейін төрт ойыннан өткізеді.