12:01, 23 Сәуір 2013 | GMT +5
«Манчестер Юнайтед» - Англия чемпионы
АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Мәреге төрт тур қалғанда «Манчестер Юнайтед» өзін өкшелегендерді шаң қаптырды.
Алекс Фергюсонның қамқорлығындағы аяқдопшылар тарихта 20-шы рет чемпион атағын иеленді. Олар "Олд Траффорд" стадионында "Астон Вилла" құрамасын есеңгіретіп, үш рет қақпаға жауапсыз доп соқты.
«Қызыл перілер» деген атқа ие «Манчестер Юнайтед» соңғы рет 2010/2011 жылғы маусымда Ұлыбританияның чемпионы болған. Ал өткен маусымда жеңіс тұғырына «Манчестер Сити» көтерілген еді.