«Манчестер Юнайтед» бапкері Сэр Алекс Фергюсон қызметінен кетеді

Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Фергюсон өзінің лауазымын 19 мамыр күні «Вест Бромвич Альбион» командасына қарсы өткізетін маусымдағы соңғы ойыннан кейін тастап кетпек. 71 жастағы Фергюсон манкуниандықтармен 26 жыл жұмыс істеген және осы уақыт ішінде Англия чемпионатын 13 рет, екі Чемпиондар Лигасын (1999 және 2008 жылдары) ұтты. 1999 жылы Ұлыбритания королевасы Елизавета II Фергюсонға рыцарь атағын берді. 2002 жылы оның есімі Англия футболының Даңқ залына енгізілді. Сонымен қатар Фергюсон «Абердин» футбол клубына сіңірген еңбегі үшін Абердин қаласының құрметті азаматы болып табылады. 1983 жылы ол аталмыш командамен бірге Кубоктардың кубогінде ақтық финалда Мадридтің «Реалын» жеңген болатын. Фергюсонның басшылығымен «МЮ» сапында Эрик Кантона, Дэвид Бекхем, Криштиану Роналду, Уэйн Руни және Райан Гиггз сынды әлемге әйгілі футболшылар өнер көрсетті.
Фергюсон команда бапкерлігінен кеткеннің өзінде «Манчестер Юнайтед» құрылымында басшылық қызметтердің бірін атқармақ.