Манчестер Юнайтед елордаға қашан келеді – Еуропа Лигасындағы «Астана» матчтарының кестесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Астана» футбол клубының Еуропа Лигасындағы топтық кезеңдегі қарсыластары белгілі болды.

Манчестер Юнайтед елордаға қашан келеді – Еуропа Лигасындағы «Астана» матчтарының кестесі

Осы ретте Еуропа Лигасының L тобындағы матчтардың кестесін жариялауды жөн көріп отырмыз, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы L тобына түсті. Ол топта ағылшынның «Манчестер Юнайтед» командасы, сербтік «Партизан» мен голландиялық «АЗ Алкмар» бар.

Сонымен бірге, Еуропа Лигасының L тобындағы матчтардың ресми кестесі де жарияланды:

19 қыркүйек

«Манчестер Юнайтед» — «Астана»

3 қазан

«Астана» — «Партизан»

24 қазан

«АЗ Алкмар» — «Астана»

7 қараша

«Астана» — «Аз Алкмар»

28 қараша

«Астана» — «Манчестер Юнайтед»

12 желтоқсан

«Партизан» — «Астана».