«Манчестер Юнайтед» футбол клубының иесі дүниеден өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Манчестер Юнайтед» ағылшындық футбол клубының иегері Малкольм Глейзер 85 жасында сәрсенбі күні дүниеден өтті. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
2005 жылдан бастап Глейзер МЮ акцияларының бақылау пакетін иеленді. Футбол клубының ойыншылары осы кезеңде бас рет /2007, 2008, 2009, 2011 және 2013/ Англия чемпионы болды. Сондай-ақ Чемпиондар Лигасында жеңіске жетті /2008/. Сонымен қатар кәсіпкер Флоридадағы Тампа қаласының «Тампа Бэй Баккэнирс» ұлттық футбол лигасы клубын да иеленді.
Соңғы кезге дейін Глейзер әртүрлі, ең алдымен тамақ өнеркәсібіндегі бизнес-жобалардың басын қосқан «First Allied Corporation» холдингісін басқарды. Оның артында әйелі, алты баласы және 14 немересі қалды.