«Манчестер Юнайтед» өз алаңында ортаңқол командаға ұтылып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше түнде футболдан Англия чемпионатының 35-туры шеңберінде «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Вест Бромвич» командасын қабылдап, 0:1 есебімен ұтылып қалды.

«Манчестер Юнайтед» өз алаңында ортаңқол командаға ұтылып қалды

Осы кездесуде әйгілі Руни, Ван Перси, Ди Мария, Феллайни, Мата, Валенсия сияқты Манчестердің мықты ойыншылары қанша күш салса да, қарсыластарының қақпасына бір доп болса да соға алмай діңкелері құрыды.

Допқа иелік етудегі көрсеткіш те назар аударарлықтай болды. «Манчестер Юнайтед» командасы допты қарсыластарына бермеуде көрсеткішті 80 пайызға, кейде 81 пайызға жеткізді. Дегенмен «Вест Бромвичем» ойыншысы Крис Бранттың 63 минутта айып алаңынан соққан добы кездесу тағдырын шешіп кетті. Алайда, қатты ұшқан доп «Вест Бромвичем» ойыншысы Йонас Ольссонның аяғына тиіп, бағытын өзгертті де, қақпаға енген болатын. Соған орай Ольссон гол авторы атанды.

Аталған кездесуді қазақстандық спорт жанкүйерлері «Қазспорт» телеарнасы арқылы тамашалады.

Футбол сарапшылары «қызыл сойқандар» деп аталатын осы команда 2001 жылдан бері үш ойын қатарынан ұтылмаған екен.

Англия чемпионаты турнирінің көш басында "Челси» командасы тұр, ол 80 ұпай жинап, өзгелерден қара үзіп кетті. Одан кейін 67 ұпайлары бар Манчестер Сити мен Арсенал командалары тиісінше екінші және үшінші орындарды еншілеген. 65 ұпайға ие болған «Манчестер Юнайтед» - төртінші орында. Оны 61 ұпай жинаған бесінші орындағы «Ливерпуль» өкшелеп келеді.

Ал 35 турда «Манчестерді" жеңіп кеткен «Вест Бромвичем» командасы 40 ұпаймен 13 орында тұр.