«Манчестер Юнайтед» -«Реал» матчы оған келушілер рекордын жаңартуда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мичиган штатының Энн-Арбор қаласында «Чемпиондардың халықаралық кубогі» маусымы алдындағы тунир аясында «Манчестер Юнайтед» пен «Реал» арасында өтетін жолдастық матч АҚШ тарихындағы келушілердің саны ең көп жиналған кездесу болуы мүмкін. Бұл туралы ESPN хабарлады.
«Мичиган» стадионына 109000 адам сыйып кетеді., ал матч билеттері небәрі бірнеше сағаттың ішінде сатылып кеткен. Осылайша, АҚШ-тағы футбол тарихында кездесуге келуші аудитория ең үлкені болады.
Бір атап өтетіні, «Манчестер Юнайтед» турнир барысында екі матч өткізді. «Манкуниандықтар» «Романы» 3:2 есебімен жеңіп, «Интермен» өткен кездесуде тең ойын көрсетті. «Реал» пенальти бойынша «Интерге» есе жіберіп, ең аз есеппен «Ромадан» ұтылды.