Манчестерде әлемдік боксты дамыту мәселелері талқыланады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестер қаласында (Ұлыбритания) 2016 жылы 23-24 ақпанда Кәсіпқой бокстың халықаралық қауымдастығының барлық комиссиясының отырысы өтіп жатыр.
Кеше өткен Спортшылар және жастар істері бойынша комиссия отырысында әлемдік бокстың алдағы дамуы мәселелері талқыланды.
«Бүгін АИБА-да біздегі спорт түрлерін кеңінен таратуға байланысты көптеген жобаларды алға жылжытып жатыр. Бокс өзінің көрермендерін жоғалқан кездер де болды. Бұл ретте АИБА спорт қауымдастығында боксты жетекші орынға шығаруға түрлі шараларды қолға алды.
Осыған байланысты спортшыларды шлемсіз жұдырықтасуына мәжбүрледі. Бұл жаттығу үдерісіне тактикалық-техникалық арсеналды қайтаруға мүмкіндік берді.
Айта кету керек, бұл Қазақстан бокс федерациясының ұсынысы болды. Қазір соңғы үш жылда ересектер арасындағы бокс шлемсіз өтеді. Қазір боксшылардың алдағы Рио-де-Жанейродағы Олимпиадаға қатысуы: шаршы алаңға шлеммен немесе шлемсіз шығуына байланысты Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) шешімін күтіп отырмыз», - деп атап өтті комиссия төрағасы, халықаралық бокс ұйымының вице-президенті Серік Қонақбаев.
Сондай-ақ комиссия отырысында ересек боксшылар үшін жас деңгейін төмендету ұсынылды. Қазір спортшылар ересектер командасында 19 жастан өнер көрсете бастайды. АИБА ересектердің спорттық карьерасын 18 жастан бастауды ұсынды, деп хабарлады Азиялық бокс конфедерациясында.
«Меніңше, бұл тиімді ұсыныс. Кеңес одағы кезінде де ересектер арасындағы сындарға 18 жастан қатыса бастадық», - деді Азиялық бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.
Комиссияның талқылауына кәсіби боксшылардың Олимпиада ойындарына қатысу мүмкіндігі туралы мәселелер енгізілді.
«Аталған мәселені жан-жақты зерттеу керек. Өйткені ол көптеген аспектіні қамтиды. Соның ішінде жаттығу үдерісін ұйымдастыру бар. Меніңше, бұл ұтымды», - деді Серік Қонақбаев.