Манчестерде ойын кезінде Дэвид Бекхэмді оның ұлы алмастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Манчестер командасының қатысуымен «Олд Траффорд» стадионында қайырымдылық матчы уақытында Ұлыбритания мен Ирландия құрамасының капитаны Дэвид Бекхэмді оның ұлы Бруклин алмастырды. Бұл туралы Bleacherreport жазады. Кіші Бекхем алаңға кездесудің 75-ші минутында шықты.

Манчестерде ойын кезінде Дэвид Бекхэмді оның ұлы алмастырды

Көрермендер аға Бекхэмді алаңнан ерекше қошеметпен шығарып салғаны атап өтіледі. Екі ел құрамасын «Манчестер Юнайтед» бұрынғы бапкері Алекс Фергюссон басқарды. Оның командасының қарсыласы қалған әлемнің құрамасы болды.

Ойын сэр Алекстің жаттықтыратын команданың жеңісімен (3:1) аяқталды. Голдарды Пол Скоулз, Дуайт Йорк және Майкл Оуэн (екі рет) соқты.

Матчты ЮНИСЕФ қоры ұйымдастырды. Матчтан түскен қаражат барша әлем бойынша балаларға жіберіледі, деп хабарлады lenta.ru.