Манчестердегі теракт құрбандарының есімдері анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық Манчестерде жарылыс кезінде қаза тапқан 23 адамның кім екені белгілі болды. Бұл туралы Росбалт хабарлайды.

Манчестердегі теракт құрбандарының есімдері анықталды

«Манчестер Аренасында» жарылыс кезінде құрбан болған адамдардың есімдері толық анықталды, - делінген хабарламада.

Алайда опат болғандардың аты-жөні криминалистік сараптамадан кейін ғана жарияланады.

Еске сала кетейік, Манчестердегі жарылыс жауапкершілігін ДАИШ террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) мойнына алған болатын.