Манчестерден X-XII ғасырларда алғаш түркі тіліне аударылған Құран табылды

құран
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM - Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары Ұлыбританиядағы ғылыми-зерттеу экспедициясы аясында Лондон, Оксфорд және Манчестер қалаларындағы кітапханалар мен архивтерге, ғылыми орталықтарға барды. Мамандар 15 қолжазба мен 500-ге жуық архив құжатының көшірмесін алды. 

Манчестер қаласынан табылған құнды қолжазбаның бірі — шамамен X-XII ғасырларда алғаш түркі тіліне аударылған қасиетті Құран кітабы.

құран
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Түркі тіліндегі аудармасы Жүсіп Баласағұнидің «Құтты білік» тіліне өте жақын. Кітаптың түркі-ислам мәдениеті үшін маңызы зор.

Сондай-ақ маңызды қолжазбалардың бірі — араб тілінде библиографиялық бағытта жазылған ортағасырлық еңбек.

«Китәб мақалаат әр Рафииъа фии усул ъилм ат-табииъа» (Табиғат ғылымының негіздері жайлы жоғары мақалалар кітабы) кітабында Әбу Насыр әл Фарабидің өмірбаяны мен қолжазбалары туралы мәліметтер бар. 

Еуропалық зерттеуші ғалым Карл Броккельман өз еңбегінде қолжазба әл-Фарабиге тиесілі екенін атап көрсеткен.

қолжазба
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық мамандарды Оксфордтың Бодлиан кітапханасынан ХІ ғасырдағы парсы тарихшысы Әбу Саид Абд-әл-Хайи-Гардизидің «Зейн әл-ахбар» еңбегі қызықтырды.

Қолжазба 1049-1053 жылдар аралығында жазылған. 

жазба
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Еңбекте 1032 жылға дейінгі парсы (исламға дейінгі) патшалардың, Мұхаммед пен халифалардың, сондай-ақ Хорасанның 1041 жылға дейінгі тарихы қамтылған.

Үндістан, Азияның түркі тайпалары, орыстар, гректер арасындағы ғылым, дін, мерекелер туралы тараулар бар.

құран
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Аталған қолжазбаның үзінділерін В. В. Бартольд «Моңғол шапқыншылығы дәуіріндегі Түркістан» және «1893-1894 жылдардағы Орта Азияға сапар туралы есеп» еңбектерінде қолданған.

Ұлттық орталықтың қызметкерлері мен шетелдік ғалымдар қолжазбалар мен басқа да еңбектерге бірлескен зерттеулер жүргізуді жоспарлап отыр. 

қолжазба
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
қолжазба
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

 

Соңғы жаңалықтар