Манделаның туған ауылында жерлеу рәсімі басталды

АСТАНА. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Шығыс Кейп провинциясындағы Куну елді мекенінде Оңтүстік Африка Республикасының бұрынғы президенті Нельсон Манделаны жерлеу рәсімі басталды.

Манделаның туған ауылында жерлеу рәсімі басталды

Естеріңізге сала кетейік, ол 5 желтоқсанда 95 жасында өмірден озған еді.

Манделаның мүрдесі салынған табыт сенбіде оның туған ауылы Кунуға жеткізілді.

Қоштасу рәсімі арнайы құрылған зәулім шатырдың ішінде өтіп жатыр. Бұл шараға 5 мыңға жуық адам келеді деп күтілуде. Алайда бейітке тек 400 адамның ғана баруына рұқсат етілген. Олардың ішінде Манделаның жақын туыстары мен Оңтүстік Африканың қазіргі президенті Джейкоб Зума бар.