Мәнерлеп сырғанау: Элизабет Тұрсынбаева Мәскеу турнирінде 4-орында келеді

None
None
МӘСКЕУ. ҚазАқпарат  - Мәскеуде мәнерлеп сырғанаудан өтіп жатқан Гран-при турнирінде қазақстандық Элизабет  Тұрсынбаева қысқа бағдарламадан кейін төртінші орында келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гран-при сериясының бесінші кезеңінде барлық қарсыластарының ең соңынан шыққан қазақстандық мәнерлеп сырғанушы Бетховеннің «Айлы сонатасымен» өнер көрсетті.

Қысқа бағдарлама нәтижесінде 61.73 балл алған Э.Тұрсынбаева төртінші орынға көтерілді.

Бұл сында Олимпиада чемпионы, ресейлік Алина Загитова ең озық көрсеткішпен (80.78 балл) өзгелерден қара үзіп кетті. Оның отандасы, 16 жасар Софья Самодурова 67.40 балмен екінші орынға шықса, швейцариялық Алексия Паганини (63.43) әзірге үздік үштікті түйіндеп тұр. А.Паганини Э.Тұрсынбаевадан көп ұзап кете қойған жоқ.

Енді бәрін де 17 қараша күні болатын еркін бағдарлама сайысы шешеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Э.Тұрсынбаеваның Мәскеу турниріне қатысатынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар