01:55, 22 Қараша 2014 | GMT +5
Мәнерлеп сырғанау: Францияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде Д.Тен алда келеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 қараша күні кешкісін Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі басталды.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша ерлер арасында ең жоғары ұпайға қол жеткізген қазақстандық Денис Тен суырылып, алға шықты. Ол қысқа бағдарламасында ешқандай қатесіз, әдемі сырғанай білді. Жапондық Тацуки Матида екінші, ресейлік Константин Меньшов үшінші орында келеді.
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Д.Тен Американың Чикаго қаласында биылғы Гран-при сериясының алғашқы кезеңі - Skate America турнирінде төртінші орынға табан тіреп, жүлделі орыннан тыс қалған болатын. Онда Т.Матида жеңімпаз атанған еді. Енді, міне, соның есесін қайтару мүмкіндігі туып тұр. Ол үшін Денис Тен бүгін еркін бағдарламаны барынша сәтті орындауы тиіс.