Мәнерлеп сырғанау: Франциядағы Гран-при турнирінде Д.Тен үшінші орынды иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Францияның Бордо қаласында мәнерлеп сырғанаудан Гран-при турнирі мәреге жетті.
None
None

Алғашқы күні қазақстандық Денис Тен қысқа бағдарламасын тамаша сырғанап, ең жоғары ұпайға қол жеткізіп, топ бастаған болатын. Еркін бағдарламаға қазақы ою-өрнегі бар костюмін киіп шыққан Денис, өкінішке қарай, бірнеше қателіктерге бой алдырды. Сөйтіп Гран-при сериясының бұл кезеңінде екі күннің қорытындысы бойынша 243,35 балл жинаған ресейлік Максим Ковтун жеңіске жетті. Жапондық Тацуки Матида 237,74 ұпаймен екінші орынды иеленді. Ал Денис Тен 236,28 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

Соңғы жаңалықтар