Мәнерлеп сырғанау: Мао Асада әлемдік рекордты жаңартты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Сайтамада өтіп жатқан әлем чемпионатында осы елдің мәнерлеп сырғанаушысы Мао Асада қысқа бағдарламада әлемдік рекордты жаңартты.
Айта кетейік, Сочи Олимпиадасында оның қысқа бағдарламада жолы болмай, нәтижесінде алтыншы орынды қанағат тұтқан еді.
Әлем чемпионатындағы қысқа бағдарламада Асада 78,66 балл жинап, турнирде көш бастап тұр. Ванкувердегі Олимпиада чемпионы Оңтүстік Корея спортшысы Ю-На Ким (78,50 ұпай) бұған дейінгі рекордтың авторы болатын.