Мәнерлеп сырғанаудан 2021 жылғы әлем чемпионаты қашан өтеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәнерлеп сырғанаудан 2020/2021 жылдарғы маусымның күнтізбесін ұсынды. Бұл жайында ҚР Ұлттық олимпиада комитетінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Таратылған ақпаратқа сәйкес, 2021 жылғы әлем чемпионатын Швецияның Стокгольм қаласы қабылдайды. Әлемдік біріншілік 22-28 наурыз аралығында өтетіндігі жоспарланған. Ал өз кезегінде 2021 жылғы төрт құрлықтың чемпионаты Автралияның Сидней қаласында 8-14 ақпан аралығында ұйымдастырылады. Айта кетерлігі бұл даталар әлі нақты емес.