Мәнерлеп сырғанаудан араға екі жыл салып, әлем рекорды жаңарды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәнерлеп сырғанаудан әлем рекорды жаңарды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Әлем рекордын Францияның Марсель қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінің финалында ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгения Медведева қысқа бағдарламада орнатты. Ол жалпы 79,21 ұпай еншіледі.
Естеріңізге сала кетейік, бұрынғы әлем рекордын 2014 жылы әлем чемпионатында Мао Асада есімді спортшы өз еншісіне жазған болатын. Араға екі жыл салып, оның рекордын ресейлік қыз жаңартты.