11:42, 16 Тамыз 2020 | GMT +5
Мәнерлеп сырғанаудан Japan Open жарысының өткізілуі кейінге қалдырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Халықаралық конькишілер одағының ресми сайты Japan Open жарысының өткізілуі кейінге қалдырылғаны туралы жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс 3 қазан күні Жапонияның Сайтама қаласында басталуы тиіс болған. Алайда қазір жарысты кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Оның өткізілетін күні алдағы уақытта хабарланады.
Бұған дейін ересектер арасындағы Гран-при сериясының ұлттық жарыс форматында өтетіні туралы жарияланған болатын.