Мәнерлеп сырғанаудан «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 15-16 мамыр күндері Қызылорда қаласындағы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәнерлеп сырғанаудан «Көктем жұлдыздары» республикалық турнирі өтті

Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының спортшылары қысқа және еркін бағдарламаларда 1,2-разряд бойынша бақ сынасты.

nullБиыл екінші мәрте ұйымдастырылған республикалық турнирге 5-15 жас аралығында 50-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысты. Нәтижесінде Қызылорда облысының спортшылары 17 медальді иеленді.

nullТурнир жеңімпаздары: Мелиса Пак, Рамиля Қамбарова, Темірлан Якияев, Аянат Қасымова, Алина Жанділдаева, Манас Бекташов, Диана Джармұхамедова.

nullКүміс жүлдегерлер: Аделя Махатова, Карина Ли, Бибінұр Дербісәлиева, Айымжан Иноят.

nullҚола жүлдегерлер: Малика Джармұхамедова, Нариман Молдабек, Нұрай Нақып, Амина Сұлтан, Жансая Есен, Ариана Дигай.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.