МӘҢГІЛІК БАТЫРЛАР (ФОТОРЕПОРТАЖ)
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Отан үшін от кешкен батырларымызды ардақтап, сол майданда жан қиған шәйіттер мен елге аман оралған, мемлекеттің гүлденуіне үлес қосқан ардагерлердің әр сәтін бағалап, оқырман назарына ұсынып отыр.
Бұл күнде 90 жасқа толып, өздері сыйлаған бейбіт өмірдің куәсі болған ардагерлерге ұжым атынан мықты денсаулық, береке тілейміз. Қан майданға Қазақстаннан 1 млн. 500 мыңға жуық жауынгер аттанды. Бұл республика халқының 18-50 жас аралығындағы ересектердің жетпіс пайызы еді. Қазақстан азаматтары сұрапыл соғысқа қатысып қана қойған жоқ, ұрыстардың алғы шебінде ерен ерлік көрсетті. Аттанғандардың 600 мыңы соғыстан қайтып оралмады. Ұлы Жеңістің 70 жылдығы құрметіне елімізде көптеген шаралар өтті. Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Республикамыздың түкпір-түкпірінде еске алу вахталары, әртүрлі акциялар, ардагерлермен кездесулер өтіп жатыр. Ұлы Отан соғысының символы "Отан ана шақырады" ескерткіші Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қойды Еліміздің түкпір-түкпіріндегі қала алаңдарымен "Мәңгілік полк" жүріп өтті Ардагерлер қашанда басты назарда Қанды қырғында елімізден аттанған 500-ге жуық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды. Соғыс аяқталғаннан кейінгі жылдары нақты айтқанда, 1946 жылы Құдайберген Сұрағанов, 1965 жылы генерал Сабыр Рахымов, ал 1990 жылы Бауыржан Момышұлы Батыр атағын алды. Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын Талғат Бигелдинов, Леонид Беда, Иван Павлов, Сергей Луганский, ал Шымкентте орналасқан Чугуев әскери авиация училищесі түлегі И.Н.Кожедуб үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын иеленді. Шығыстан шыққан қос жұлдыз пулеметші Мәншүк Мәметова мен мерген Әлия Молдағұловалар да осы жоғары атаққа лайықты деп танылды. Сонымен қатар 142 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері атанса, Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар саны 100 мыңға жуықтайды. Қазақ елінің даңқты батыр ұл-қыздары: Атақты қолбасшы Бауыржан Момышұлы Кеңес Одағының екі дүркін батыры Талғат Бигелдинов Мерген қыз Әлия Молдағұлова Мәншүк Мәметова Атақты ұшқыз қыз, "Халық Қаһарманы" Хиуаз Доспанова Қасым Қайсенов Мәлік Ғабдуллин Алматы "Мәңгілік полк". Алматы Ардагерлер Елбасының ерекше назарында Қарағанды Ерлікке тағзым етуге келген Алматы жұртшылығы Астана Павлодар ардагерлері Орал Астанадағы әскери парадты көруге келген ардагерлер Бүгінгі ел қорғандары Астана Майдангерлер "Мәңгілік алауға" гүл шоқтарын қоюда Ақмола облысы Ақтау СҚО ардагерлері Шығыс Қазақстан облысы Аталарының ерлігін бүгінгі ұрпақ ұмытпайды