«Мәңгiлiк ел» идеясын кино мен кiтап арқылы насихаттау керек - Г.Әбдiқалықова

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жалпыұлттық "Мәңгiлiк ел" идеясын кино мен кiтап арқылы насихаттау керек. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мәлiм еттi.

«Мәңгiлiк ел» идеясын кино мен кiтап арқылы насихаттау керек - Г.Әбдiқалықова

"Жалпыұлттық "Мәңгiлiк ел" идеясын алға жылжыту және халық санасына бекiтудiң жаңа әдiстерi БАҚ арқылы ғана емес, сонымен қатар киноиндустрияның, компьютерлiк бағдарламалар, бестселлер-кiтаптардың жаңа форматтары арқылы жүзеге асуы тиiс. Ақпарат тасымалдаушыларына салынатын жаңа контент, сюжеттер, миниатюралар, сұхбаттар, сценарийлер керек", - дедi ол бүгiн Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Оның есептеуiнше, сол кезде ғана "Мәңгiлiк елдiң" ұлт топтастырушы идеялары - азаматтық теңдiк, еңбекқорлық, шындық, ғылым мен бiлiмге деген құштарлық, толеранттылық әрбiр қазақстандықтың жеке қасиеттерiне, өмiр салтына айналады.

"Ол үшiн ғалымдардың қыруар еңбегi қажет. Ғалымдардың күш салуымен аңыз, эпостарымыз бен дәстүрлерiмiз арқылы жас ұрпақтың бойына "Мәңгiлiк ел" идеясының құндылықтарын енгiзе аламыз", - деп атап өттi Мемлекеттiк хатшы.