«Мәңгілік Ел» пойызы - Қызылорда қаласында

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында жолға шыққан «Мәңгілік Ел» пойызы Қызылорда қаласында болды. Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Әміреев пен қала әкімінің орынбасары Айдын Қайруллаев бастаған Сыр өңірінің тұрғындары пойыз жолаушыларын сән-салтанатпен күтіп алды. Теміржол вокзалына жиналған тұрғындарға пойыз мүшелері шараның маңызын түсіндірді.
None
None

Содан кейін делегация мүшелері Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде мемлекеттік қызметкерлердің, түрлі сала басшылары мен қала тұрғындарының қатысуымен өткен жиында болды. Жиын барысында «Мәңгілік ел» пойызы штабының жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Әміржан Әлпейісов, Астана қаласының «Қоғамдық келісім орталығы» директоры Талғат Жақиянов сөз алып, «Мәңгілік Ел» идеясын, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына Жолдауын, «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы Елбасының алға қойған басты міндеттер мен мақсаттарына тоқталды. Одан кейін қонақтар жоспарға сәйкес жұмыстарын жалғастырды.

Облыстық диагностикалық орталықта медицина мамандары тұрғындарды қабылдап, тегін кеңес беруде. Ал Халыққа қызмет көрсету орталығында сала мамандары мемлекеттік қызмет түрлерін тиімді пайдалану жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар қала тұрғындары орта және кіші кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша сұрақтарына жауап алды.
Қонақтар №278 орта мектептің түлектерімен кездесу өткізіп, «Мәңгілік ел жастары - индустрияға!» бағдарламасын түсіндірді. Ары қарай «Қыз Жібек» мейрамханасында өткен мүгедек балаларға арналған қайырымдылық акциясына қатысты.

Соңғы жаңалықтар