Алматының төрт ауданында суық су өшіріледі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда сумен жабдықтау желілерінде жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты төрт ауданында су уақытша өшіріледі.

вода
Фото: pixabay.com

Жаңа желілердің қосылуына байланысты 16 мамыр күні сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Әуезов ауданындағы Саин көшесі – Райымбек даңғылы – Өтеген батыр – Төле би көшелерінде су беру уақытша тоқтатылады.

16 мамырда сағат 8:00-ден 18:00-ге дейін Түрксіб ауданында Майлин – Мирная – Бұқтырма – Ақкербез көшелері бойында орналасқан үйлер мен ғимараттарға суық су беру шектеледі.

17 мамыр сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін Бостандық ауданында Жароков көшесі – Абай даңғылы – Үлкен Алматы – Сәтбаев көшесінің бойы, сондай-ақ сол уақытта Алмалы ауданындағы Гагарин – Абай даңғылы – Қабанбай батыр – Құлымбетов – Брусиловский көшелерінде суық су беру тоқтатылады.

Аталған көшелерде орналасқан мектептер мен балабақшаларға су автоцистерналармен жеткізіледі.

«Жөндеу жұмыстарын уақтылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді»,- деп хабарлады «Алматы су» мекемесінен.

Соңғы жаңалықтар