Маңғыстау облысында 37 млн теңге алимент өндіріліп, 25 борышкер жауапқа тартылды

АСТАНА. KAZINFORM- Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының прокуратурасы қабылдаған шаралар нәтижесінде алимент төлеуден жалтарған 22 борышкер әкімшілік, 3 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Сонымен қатар балалардың пайдасына жалпы сомасы 37 млн теңге алимент берешегі өндірілді.

алимент
Фото: Kazinform

Маңғыстау облысы прокуратурасының хабарлауынша, кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі.

Мұнайлы ауданының прокуратурасы алимент өндіру туралы сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету бағытында тиісті прокурорлық шаралар қабылдады.

-Прокуратура алимент бойынша берешекті өндіріп алу және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастырады,-делінген хабарламада.

Осыған дейін ШҚО-да алимент бойынша 15,6 млн теңге берешек өндірілгені туралы жаздық.