Маңғыстау облысында денсаулығы жақсарған балалар үйлеріне қайтарылып жатыр

АҚТАУ. KAZINFORM - Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының айтуынша, Мұнайлы ауданында мектеп асханасында тамақтан уланған балалардың жағдайы жақсарып келеді.

аурухана
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Жалпы ахуал тұрақтаyды. Аудандағы емханаларда денсаулығы жақсарған оқушылар біртіндеп үйлеріне қайтарылуда.

Ал облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатқан екі баланың беті бері қараған. Жақын күндері жалпы палатаға ауыстырылуы мүмкін.

аурухана
Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

- Дер кезінде басталған емнің арқасында балалардың өміріне қауіп жоқ. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Төсек орын мен дәрі-дәрмек қоры толықтай жеткілікті,- деді МО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бекболат Ізбасаров.

Маңғыстауда уланған оқушылардың саны 67-ге жеткенін жазған болатынбыз.

Кейінірек тамақтан уланған 2 оқушының жансақтау бөлімінде жатқанын хабарладық.