Маңғыстау облысында ереуілге шыққан жұмысшыларға бос жұмыс орындары ұсынылды – министрлік

АСТАНА. KAZINFORM – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Маңғыстау облысында ереуілге шыққан жұмысшыларды еңбекпен қамтуға қатысты пікір білдірді.

жұмысшы
Фото: Westoil Software

«Маңғыстау облысында ереуілге шыққан жұмысшылардың қазіргі мәртебесі туралы менде ақпарат жоқ, нақтылау керек. Жалпы, аталған өңірде жұмыс іздеген барлық азаматқа біздің мансап орталығы бос жұмыс орындарын ұсынады. Оның ішінде ереуілге шыққан, жұмысқа орналаспаған азаматтар да бар. Оларға өзі тұратын елді мекендегі бос жұмыс орындары ұсынылды, олардың біреуі келісті, біреуі келіспеді», - деді Олжас Ордабаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр келтірген мәліметке сүйенсек, электрондық еңбек биржасында Жаңаөзен қаласы бойынша 629 бос жұмыс орны бар.

«Жұмыс іздеп жүрген барлық азаматты шақырамыз, еңбекпен қамтуға тырысамыз. Мамандығы бар адамдарға жұмыс бар», - дейді министрдің орынбасары.

Соңғы жаңалықтар