Маңғыстау облысында қауіпті жол аумақтары белгілі болды

АҚТАУ. KAZINFORM — Маңғыстау облысында қыс айларынан бері қар, жауын-шашын толастай отыр. Бұл тұрғыдан аймақта республикалық маңыздағы тас жолдарда су тасқыны болуы мүмкін қауіпті учаскелер белгіленді.

Жол
Фото: "Қазавтожол"ҰҚ Маңғыстау облыстық филиалы

«Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалы мамандардың сөзінше, Доссор-Құлсары-Бейнеу-Сайөтес-Шетпе-Жетібай-Ақтау автожолының 640-641 шақырымында, сондай-ақ Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасы шекарасы жолының 124-133 шақырымы аралығын тасқын су шаю қаупі бар.

«Алдын алу және салдарын жою мақсатында „Кажсервис“ мекемесінің қызметкерлері 14 арнайы техника көмегімен жұмыс атқарып жатыр. Сонымен қатар, тасқын суды бөгеу үшін 1 мың текше метр құм және 500-ге жуық қапшық әзірленді. Бұл материалдар жолдарда көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету үшін қолданылады. Сондай-ақ, тасқын су болуы мүмкін жол учаскелерінде тәулік бойы мониторинг жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді «Қазавтожол» ұлттық компаниясының Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері.

Соңғы жаңалықтар