Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды

АҚТАУ. KAZINFORM – Бейнеу ауданындағы астық терминалы ұзақ үзілістен кейін қайта жанданды.

Маңғыстау облысындағы Бейнеу астық терминалы іске қосылды
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған кәсіпорын алғашқы өнімін шығарды. Терминалға 10 вагон, яғни 700 тонна бидай жеткізілді. Оның 75 пайызынан ұн, 25 пайызынан кебек шығарылады. 

терминал
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

- Зауыт енді тоқтамай, «Қазақстанда жасалған» брендімен «Бейнеу ұны» әлемге танылады деген үміттеміз, - дейді аудан әкімі Рахымжан Шалбаев.

терминал
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Терминалдың жалпы ауданы – 26 гектар. Қазақстан-Түрікменстан шекарасына тікелей шығуға мүмкіндік беретін 8 шақырымдық теміржолы және жылжымалы құрамы бар перспективалы логистикалық хаб саналады. 

терминал
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Мұнда бір мезгілде 100 мың тонна астық сақтауға мүмкіндік бар. Қуаттылығы тәулігіне 320 тонна ұн мен 80 тонна кебек шығаруға жетеді. Ал жаңартылғаннан кейін бұл көрсеткіштер 400 тонна ұн және 240 тонна құрама жем беруге дейін ұлғайтылады. 

терминал
Фото: Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстауда 1 мың гектар жер мемлекетке қайтарылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар