Маңғыстау облыстық статистика департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алтыншаш Исламова
Фото: Маңғыстау облыстық статистика департаменті

АҚТАУ. KAZINFORM - Еліміздің стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаментіне Алтыншаш Исламова басшы болып тағайындалды.

Исламова Сұлтанқызы Ш.Есенов атындағы Ақтау университетін «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша және «Болашақ» институтын «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 1994 жылы Маңғыстау облысы Статистика басқармасында халықтың өмір сүру деңгейін зерттеу тобының экономисі болып бастады. Кейін әлеуметтік-демографиялық, еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бөлімінің бас маманы болып қызмет етті.

Ол 2003-2004 жылдары Маңғыстау облысы Ақпараттық статистика орталығында, 2005-2011 жылдары өнеркәсіп статистикасы бөлімінде әр түрлі қызмет атқарған. Ал 2011-2018 жылдары Маңғыстау облысы Статистика департаментінің Инвестициялар және құрылыс статистикасы басқармасының басшысы болса, 2018 жылдан бастап бүгінге дейін стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.

Соңғы жаңалықтар
telegram