Маңғыстауда 13 жасар бала Каспийге батып кетті

Актау море Ақтау теңіз
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АҚТАУ. KAZINFORM — Қайғылы оқиға Қарақия ауданы Құрық ауылынан 3 шақырым жердегі теңізде болған. 2011 жылы туған бала суға батып көз жұмды. 

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жасөспірімнің денесі табылғанын хабарлады.

Мамандардың айтуынша, судағы қауіпсіздік және сақтық ережелері сақталмаған. 

Сондықтан Қарақия ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мамандары аудан тұрғындары мен қонақтарға қатаң ескерту жасады.

Мамандар шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсуге болмайтынын айтады.

Сондай-ақ, көпірлерден және бөгеттерден суға секірмеуге, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас болып шомылмауға, жабдықталмаған жерде суға түспеуге шақырды. 

Бұған дейін Құрық ауылы аумағындағы теңіз жағалауында 2 жасар бала суға кеткенін жазған едік. 

Ал, жыл басынан бері елімізде 45 адам суға кетіп, қайтыс болған. 

Соңғы жаңалықтар