Маңғыстауда 460 оқушы уланған мектеп асханасының меңгерушісіне сот үкімі шықты

АҚТАУ. KAZINFORM – Жеке кәсіпкер Дәметкен Шәкенова 1 жылға бас бостандығынан айрылып, сот залында қамауға алынды. Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

Маңғыстауда 460 оқушы астан уланған мектеп асханасының меңгерушісіне қатысты сот үкімі шықты
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform агенттігі

Сонымен қатар, ол 3 жыл қоғамдық тамақтандыру саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айырылды. 

Еске салайық, былтыр 6 қыркүйекте Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы №8 мектепте асханада тамақтанған оқушылар жаппай ауырып, дәрігердің көмегіне жүгінген болатын. Бас-аяғы екі күнде жалпы саны - 460 бала «астан улану» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Абырой болғанда, оқушылар түгел емделіп шықты.

Мектеп асханасына жүргізілген тексерулер нәтижесінде ас әзірленетін бөлмеден ішек бактериялары анықталды. 12 қызметкерден стафилококк бактериясы табылды. Ал ыдыс жуушы әйел дизентерияны тасымалдаушы болып шықты. Ал, жеке кәсіпкердің 10 жылдан бері аталған мектепті ыстық тағаммен қамтамасыз еткені белгілі болды.

Маңғыстауда алпысқа жуық оқушы астан уланды.

Маңғыстауда тамақтан уланған 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатты.

Маңғыстауда оқушылардың жаппай астан улануына қатысты тергеу аяқталғаны туралы жазған едік

Соңғы жаңалықтар