Маңғыстауда арқар атқан браконьерлер ұсталды

браконьер
Фото: Өңірлік коммуникация орталығынан

Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген арқарды атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Kazinform.

29 қарашада Қызылсай табиғи паркі мен «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының мамандары Бөрібас жерінде кезекті рейд жүргізген. 

Іс-шара барысында Nissan Patrol автокөлігімен Жаңаөзен қаласының тұрғындары ұсталған. 

- Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Қызыл Кітапқа енген бір арқар табылды. Сондай-ақ 26 оғымен 1 аңшы мылтығы және 2 аңшы пышағы тәркіленді, - деді «Жабайұшқан» мемлекеттік табиғи қаумалының басшысы Жұлдызбек Есенғалиев. 

браконьер
Фото: Өңірлік коммуникация орталығынан

Аталған дерек Маңғыстау аудандық Полиция бөліміне хабарланып, тіркелген. 

- Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр, - деп мәлім етті Маңғыстау аудандық полиция бөлімінен. 

Соңғы жаңалықтар